Атырау, 24 қараша 02:18
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Наразы топ Ресей елшілігі алдында гептил апатының зардабын "жойды"

1 422 просмотра

"Абайлаңыз, гептил!" Осылай ұрандаған наразы топ Ресей елшілігі алдында пикет өткізді.

Газдан қорғау костюмдерін киіп, қолдарына сыпырғыш, қалақ ұстаған топ "Протон" зымыран-тасығышын ұшыруды тоқтатуды талап етіп, Астанадағы Ресей федерациясының елшілігіне келді.

Наразы топ осыған дейін Ресей үкіметі атына жолданған өз хаттарына жауап та талап етті. Белсенділердің алдынан шыққан Ресей елшілігінің өкілдері мардымды жауап бермеді. Тек "Протон" зымыраны апатының салдарын жою жоспарлы жүргізіліп жатқанын айтып, "Антигептил" тобын түсіністік танытуға шақырды.

"Роскосмос басшысының орынбасары Александр Лопатин Протон апатының салдарын жою бойынша істеліп жатқан жұмыстар туралы үнемі баяндап жүр. Жағдай Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың да назарында. Алаңдайтын негіз жоқ", - деді Қазақстандағы Ресей елшілігінің кеңесшісі Геннадий Евсюков.

"Антигептил" тобының жетекшісі "Протон-М"-ның соңғы апатының салдарын анықтап, зардабын залалсыздандырып қана қоймай, осы үлгідегі зымыран-тасығыштарды Қазақстан аумағынан ұшыруға тиым салуды да талап ететіндіктерін мәлімдеді.

"Владимир Поповкин деген: "Мен қолымды кесіп беремін, егер Ресей аумағынан Протон ұшырылса деген. Сонда Ресейде ұшпайды да, Қазақстаннан ұша бере ме?! Міне, тағы 15-ші қыркүйекте ұшырайын деп жатыр. Біздің талабымыз – Протонды Қазақстан аумағынан ұшырмау", - деді "Халықтық жемқорлықпен күрес комитеті" Қоғамдық қорының президенті Мұсағали Дуамбеков.

nur.kz

20 тамыз 2013, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.