Атырау, 2 желтоқсан 02:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Қашаған газы қымбаттайды – «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры

1 405 просмотра

Бүгiн баспасөз мәслихаты барысында «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Серiк Сұлтанғали Қашаған газының бағасы қымбаттайтынын мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бiз мемлекеттiк компания болғандықтан, газдың бағасын Үкiмет анықтайды. Бұл бағытта жұмыс жүргiзiлiп жатыр. Мемлекеттiң әлеуметтiк көмегiн ескере отырып, мен сiздерге салыстырмалы талдау түрiнде ғана айта аламын. Қырғызстан өткен жылы газдың бiр текше метрiн 300 доллардан сатып алды, ал бiз 85 доллар деңгейiнде ұстап отырмыз. Бұл өте қиын. Дегенмен, Мемлекет басшысы аталған проблемаға баса назар аударып отыр. Газ экспорты мәселесiне тоқталған кезде ақшаның басым бөлiгi дотацияға жұмсалатынын атап өткiм келедi», - дедi Сұлтанғали.

«Газдың бағасы қымбаттайды, өмiрдiң заңдылығы сондай. Бұл фактор бiзге ғана тәуелдi емес. Мұндай арзан газды Қазақстанда ешкiм өндiрмейдi. Бiз қазiр Өзбекстан, Ресейге тәуелдiмiз», - деп толықтырды ол.

19 тамыз 2013, 18:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.