Атырау, 29 маусым 03:52
 дождьВ Атырау +16.1
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

«Қазақмыс» корпорациясының зауытынан өрт шықты

2 024 рет қаралды

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-ға қарасты құю-механикалық зауытынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

«Болат құю телімі қоймасының шатыры өртеніп, жартылай қирады. Өрт сенбі күні күндіз шыққан, сағат 16:20-да сөндірілді. ТЖ жоюға Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамының 22 адамы мен өрт сөндіру қызметінің 7 техникасы жұмылдырылды. Өрт аумағы 160 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада. 

19 тамыз 2013, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.