Атырау, 5 қазан 00:59
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Оралда педофилия үшін сотталған азамат сұлулық байқауын ұйымдастырған

2 136 просмотра

Оралда сұлулық және өнер байқауының режиссері әрі жүргізушісі бұрындары педофилия үшін түрмеге отырған Дмитрий Еретенко-Петраковский болып шықты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Менің қаламның келбеті» атты сұлулық және өнер байқауы Жастар мәдениет сарайында өткен. Көбі байқау жүргізушісін балалар порнографиясын таратқаны үшін Ресейде жазасын өтеп жатқан Оралдағы танымал шоумен Феликс Петровскийдің ұлына ұқсатып жатты. 

«Менің қаламның келбеті» байқауы Қазақстанның әр өңірінде өтеді. Ол Өскемен мен Қостанайда орнығып, шілде айының басында оның ұйымдастырушылары мен режиссері Дмитрий Еретенко Оралға да жеткен. Олар жас оралдық бойжеткендер арасында фотоіріктеу жүргізіп, оларды байқауға дайындай бастады. 
Дмитрий Петраковский 2006 жылы балалар порнографиясын таратқаны үшін Ресейде сотталған болатын. Сол кезде ресейлік журналистер жарыса жазғандай, Дмитрий Петраковский бай клиентіне 7 мен 13 жас аралығындағы қыздарды таңдауға алып келген сәтінде қолға түскен. 

«Дмитрий Петраковский қыздарды жалаңаш күйінде суретке түсіріп, кейін сексуалдық тұрпайы әрекеттерге баруға күштеген, оны фото-, фидеоаппаратураға жазып, Мәскеудегі тапсырыс берушілерге жөнелтіп отырыпты. Мәскеуде жас төменгіновгородтық қыздар туралы ақпарат шетелде тіркелген орыстілді порносайттарға орналастырылып, ол жерде қаршадай қыздардың жалаңаш тәнін көріп қана қоймай, солардың арасынан нақты бір қызды Ресейде секс-қызмет көрсету үшін тапсырыс беруге де мүмкіндік берілген. Болашақ клиенттерімен Дмитрий Петраковский электрондық пошта арқылы байланысып, оларға қызмет түрлері толық жазылған прайс-лист жіберіп отырған, олардың арасында «қыздығынан айыру» қызметі де бар екен. Осындай тапсырыс берушілердің бірі ретінде милиция қызметкері тіркеліп, 2004 жылы желтоқсанда Дмитрий Петраковский Мәскеу вокзалында қолға түсті. Ол кешкі пойызбен Мәскеуге жетіп, екі қыздың қатысуымен кезекті порновидео түсіруге бара жатқан», - деп жазылған жұрттың жағасын ұстатқан оқиға жайлы «Коммерсантъ» басылымында. 

Дмитрийдің өзі Орал қаласына арнайы келіп, елдің танитынын біле тұра сахнаға мақсатты түрде әдейі шыққанын алға тартып отыр. 
«Бес жылдан артық уақытымды темір тордың арғы бетінде өткізе отырып, шоу-бизнеске қайта оралу туралы шешімге келдім, себебі дәл осы сала менің кәсібім деп есептеймін. Мен Оралда сахнаға әдейі шықтым. Мен әйелімнің тегін алып, өз тегімді өзгерткеніммен, елдің мені бірден танитынын білдім. Бірақ мені дұрыс түсініңіздер, мен біреуден жасырынып жүрген жоқпын, кезінде дақ түскен атымды қайта ағартып, бұрынғы атағымды қайта жаңғыртсам ба деймін. Бір рет шалыс басқан адамның тұтастай өміріне балта шабуға болмайды ғой. Өскеменде де, Қостанайда да байқау өткізгенімізде маған қатысты ешқандай сын айтылмады, Оралда да байқау жақсы өтті», - деп мәлім етті Дмитрий Еретенко.
Оралда байқау ұйымдастырушылары мен режиссер Қазақстанның кезекті қаласына аттанбақшы. Болжам бойынша ол – Павлодар қаласы.  

16 тамыз 2013, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.