Атырау, 9 қараша 19:25
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Шығыс Қазақстанда аюлар үйдегі төрт түлікке шабуыл жасауда

1 719 просмотра

Зырян ауданының малшылары аюлардан қатты қауіптеніп отыр. Жақында орман тағысы «Дородница» шаруа қожалығының төрт сиырын жарып, 500 мың теңгенің үстінде шығынға батырды, деп хабарлайды жергілікті Аltaynews.kz сайты.

Бұл жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Биылғы көктемде аюлар Феклистовка ауылында екі қой мен бір бұқаны мерт қылған. Сол кезде арнайы комиссия адамдардың қауіпсіздігі үшін жабайы аңдарды атуға рұқсат берген.

Енді, міне, Дородница ауылынан 18 шақырым жердегі жайылымда малдарға ауыз салып, тұрғындардың үрейін алуда.

Шаруа қожалығының жетекшісі Алексей Полянскийдің айтуынша, аюлар төрт түлікке қарсы жорығын көбінесе қара күзде жасайды. Ал жаздың ортасында бұлайша шабуыл жасамайтын. Жергілікті көнекөз тұрғындардың сөзіне сенсек, олардың тым белсенді болуы санының көбейіп, қоректенетін жануарлардың азайып кетуімен байланысты екен.

Тұрғындардың есебінше, қазіргі уақытта Зырян өңірінде мекендейтін түз тағысының саны шамамен мыңға жуықтап қалғанға ұқсайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

16 тамыз 2013, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.