Атырау, 26 желтоқсан 15:13
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Байқоңырдан зымыран ұшыруға тыйым салды

1 613 просмотра

Протон-М зымыран тасығышы құлаған аумақта гептил деңгейі айтарлықтай төмендеген. Оның салдарын жою бойынша үкіметтік комиссияның төрағасы, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен жетті. Жақында өткен апаттың орны толмай жатып, Роскосмос Байқоңырдан тағы бір протон ұшырмаққа бекініпті деген ақпарат тараған болатын. Алайда министр жуырдағы апатқа қатысты мәселелерді шешіп алмайынша, бұған жол бермейміз деп отыр.

Қызылорда өңіріне тараған гептил мөлшерінің әлдеқайда азайғаны не керек. "Роскосмос" өткен апаттың табы басылмай жатып Байқоңырдан тағы бір протонын ұшырады деген ақпарат желдей есті. Қызылорда өлкесін гептилден залалсыздандыру мәліметтері жарияланған комиссия отырысында осы талқыланды. Ресей тарабы қыркүйектің 15-інде зымыран тасығышын ұшырмаққа дайын екендігін тамыздың жетісінде жариялаған болатын. Бүгін "Роскосмос" төрағасымен кездескен қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров "жағдайды реттемесеңдер тіпті зымыран ұшыруға рұхсат бермейміз", - деп ескерту жасады.
НҰРЛАН ҚАППАРОВ, ҚР ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
- Біз өткен апатқа қатысты мәселелерімізді шешіп алмай, сіздердің жаңадан зымыран тасығыш ұшыру туралы ұсыныстарыңызды қарастыра алмаймыз. Басшылығыңызға айта барыңыз.
Ал "Роскосмос" өкілі бұл жолы ат-тонын ала қашты. Мұндай жоспарларының жоқ екенін айтып бақты.
АНАТОЛИЙ БЕЛОКОНЬ, БАЙҚОҢЫРДАҒЫ «РОСКОСМОС» ҒАРЫШ АГЕНТТІГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
- 15-ші қыркүйекке қатысты мәселені мен естімедім.
Әрине, өткен жолғы апат әлі жұрттың есінде. Жалпы бір грам гептиль бір текше метр жерді ластайды екен. Сондықтан Қызылорда халқының көңілінде үрей басым. Оның үстіне гептилді ауамен демалған адам, не жануардың ұрпағы мутацияға ұшырайтыны ғылыми дәлелденген. Осыны білетін үкіметтік емес ұйым мүшелері өтемақы талап етіп бас көтерген болатын. Ал бүгінгі үкіметтік комиссия отырысына Президенттің Байқоңырдағы арнайы өкілі Рзақұл Нұртаев "Роскосмос" өкілдері мен тиісті қазақстандық орган қыметкерлері келіп Қызылордада халқы алдында дөңгелек үстел өткізсін деген ұсыныс жасады. "Гептилден тазарту жұмысының қорытындысын тұрғындарға түсіндіру қажет", - дейді ол.
ЖАЙЛАУБАЙ ЖҰБАТОВ, ҚР ҰҒА "ҒАРЫШ ЭКОЛОГИЯ" РМК ДИРЕКТОРЫ:
- Барлық осы зымыранның құлаған жерінде ең жоғарғы пдк 630 мың маңайында. Ресей жағында келесі заласыздандыру жоспары сызылады. Ертең оның арғы күндері үшінші рет залалсыздандыру жұмысын жүргізу керек болып тұр.
Жалпы, Ресейдің «Байқоңырдан» ғарышқа аттандырған ракеталарының осы уақытқа дейін үшеуі жерге құлаған. Ал биыл 15 рет зымыран ұшырған "роскосмос" жыл соңына дейін тағы 4-5 зымыран-тасығышты ғарышқа жөнелтуді жоспарлап отыр - депхабарлады  baq.kz

16 тамыз 2013, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.