Атырау, 24 қараша 00:20
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматыда аналар баласына екпе салдырудан бас тартуда

1 527 просмотра

Алматыда бір жарым мыңға жуық ана баласына екпе салдырудан бас тартқан. Оның 20 пайызы діни көзқарастан туындаса, қалған аналар сәбиінің денсаулығына алаңдайды екен.

"Аяғы ауыр келіншек Назгүл Құдиярбекова босанғаннан кейін нәрестеме екпе салдырмаймын", -  дейді. Себебін өзі де анық білмейді.

Жұқпалы ауруларға қарсы екпе елімізге Жапон, Корей сынды шетелден әкелінеді. Бірақ, дәрі-дәрмектің ағзаға қауіпсіздігі арнайы зертханаларда қатаң тексеріледі. "Қауіпсіздігіне көз жеткізгеннен кейін ғана екпені бекітілген ұлттық күнтізбеге сай саламыз", - дейді мамандар.

"Мемлекетімізде бекітілген ұлттық күнтізбе бар, соған сәйкес 17-20 ға жуық инфекцияны алдын аламыз. Біздің мекемеде 1-ші 4 күндікте егу шараларын жүргіземіз", - дейді дәрігерлер.

Ақ халаттылар "екпе - ағзада кез-келген ауруға қарсы тұрар иммунитетті қалыптастарады. Сондықтан, вакцина салдыру арқылы қызылша, қызамық, күл, сіреспе, түберкүлез, гепатит сынды жұқпалы аурулардың алдын алуға болады", - дейді.

Бүгінде баласына екпе салдыруға қарсылық танытқан ата-ананың көбі оның себебін дінмен байланыстырады. Ал, имамдар "шариғатта оған шектеу қойылмағандығын", - айтады.

Қазіргі таңда Медеу ауданында 52 адам вирустық гепатитке, ал 26 ана құрт ауруына қарсы нәрестесіне екпе салдырмапты. Ұлт денсаулығын ойлаған мамандар қазір тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

nur.kz

15 тамыз 2013, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.