Атырау, 30 қаңтар 21:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63

Атырауда ұлттық киім шеруі өтеді

701 рет қаралды

Атырауда 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай қала тұрғындарының қатысуымен ұлттық киім шеруі өтеді. 

Бұл шара Атырау қаласында алғаш рет 2023 жылы 1 маусымда ұйымдастырылып, мыңдаған атыраулықтың қатысуымен өткен еді.  

Шеру Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз күні сағат 16:00-де Ту тұғырынан бастап, Исатай-Махамбет алаңына дейін өтеді.  

- Қала тұрғындарын ұлттық киім киіп, отбасымен, балаларымен, ата-әжелерімен бірге осы ерекше шараға қатысып, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге шақырамыз, - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.  

Шеру мерекелік концертпен жалғасады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

17 наурыз 2025, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.