Атырау, 26 желтоқсан 18:38
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қадырбаев пен Тәжаяқов айыптарын мойындамады

1 998 просмотра

АҚШ-тың Бостон штатында 13 тамызда Бостон марафонындағы жарылысқа қатысты тергеу ісіне кедергі келтірмек болды деп айыпталған қазақстандық Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовтың ісі бойынша алғашқы сот тыңдауы өтті.

Сотқа қатысқан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 19 жастағы қазақстандықтар - Қадырбаев пен Тәжаяқовқа тағылған айып оқылған. Бірақ олар өздерінің кінәсіз екенін айтып, айыппен келіспейтіндерін білдірген.

Тәжаяқов пен Қадырбаев жарылыс жасады деп айыпталып отырған Джохар Царнаевпендос болған. Тергеу деректері бойынша, олар жарылыстан кейін Царнаевтың бөлмесінен оның ноутбугі мен фейерверктер салынған рюкзагін алып кетіп, жоюға тырысқан. Егер олар айыпты деп танылса, 20 жылдан астам уақытқа бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Бұл іс бойынша жаңа сот отырысы қыркүйекте басталуы тиіс.

15 сәуірде Бостонда марафон аяқталар тұста жарылыс болып, 3 адам қаза тапқан еді. 260-тан астам адам жараланған.

azzatyk.org

14 тамыз 2013, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.