Атырау, 4 желтоқсан 15:59
 ашық В Атырау -9
$ 422.87
€ 512.10
₽ 5.63

Алматыда әкім веложарысқа қатысып, Премьер таңғы он-лайн жаттығу өткізеді

1 034 рет қаралды

Алматыда Спорт күні аясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов веложарысқа қатысып, ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов қатысуға ниет білдірген барлық қала тұрғындары және қала қонақтарымен қоса тікелей эфирде таңғы жаттығу өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыда Спорт күніне орайластырылған қала әкімінің қатысуымен өтетін веложарыс 2013 жылдың 17 тамызына белгіленген. Ол таңертең 8.30-да Тәттімбет көшесінің қиылысындағы әл-Фараби даңғылынан бастау алып, Тұңғыш Президент саябағына дейін жалғасады. Мәре сызығында жобаның белсенді қатысушылары естелік сыйлықтармен марапатталатын болады, деп көрсетілген хабарламада. Шара концерттік бағдарламаға ұласады. 

Сондай-ақ, сағат 10-да ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов тікелей эфир арқылы таңғы жаттығуды дұрыс жасау әдісімен бөліседі. 

Іс шара Қазақстанда тамыздың жексенбісіне белгіленген Спорт күніне орайластырылған.

15 тамыз 2013, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.