Атырау, 24 қараша 00:43
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Fonterra» компаниясының тамақ өнімдеріне тыйым салынды

1 434 просмотра

Елімізде Жаңа Зеландияның «Fonterra» компаниясының тауарларын елдегі сауда нүктелерінде саудалауға және таратуға Бас санитар Жандарбек Бекшин тыйым салды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, Baq.kz хабарлады.  
«Fonterra»-ның балаларға арналған сүт қоспалары, спорттық протеин қоспалары және басқа да сусындары бактериологиялық түрде ластанған. Сондай-ақ, сүт сарысуының концентратында ботулизм уыты табылған. Бұл ақпаратты Жаңа Зеландияның Алғашқы салалар министрлігі де растап отыр. Осыған орай, жер-жерлерде аталмыш кәсіпорынның өнімдерін саудадан жаппай алып тастау жұмыстарын жедел жүргізу сала мамандарына тапсырылды.
Ендеше, қадірлі оқырман қауым, тұтынатын әрбір өнімді аса сақтықпен пайдаланғаныңыз ләзім. Салғырттық сан соқтырып жүрмесін...

14 тамыз 2013, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.