Атырау, 11 қазан 06:44
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қарағандыда алғаш рет 45 тонналық БелАЗ самосвалы құрастырылды

1 406 просмотра

Бүгін Қарағандыда «КазБелАЗ» бірлескен кәсіпорнында алғашқы отандық құрастырудағы карьерлік БелАЗ-7547 самосвалының таныстырылымы болды. 

Салтанатты рәсімге Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев, Минск облыстық атқару комитетінің төрағасы Борис Батура, «БелАЗ» ААҚ - «БелАЗ-Холдингі» басқарушы компаниясының бас директоры Петр Пархомчик және аймаққа жұмыс сапарымен келген Белорус делегациясының басқа да өкілдері қатысты.

«Облыста мемлекетіміздің интеграциялық саясаты шеңберінде белорустық серіктестердің қатысуымен бірқатар жобалар іске асырылуда. Солардың бірі - запас бөлшектер шығару және «КазБелАЗ» маркасымен техника құрастыру жөніндегі жоба. Белгілі дәрежеде жұмыстар жүргізілді. Біздің бірлескен кәсіпорнымызда алғашқы 45 тонналық БелАЗ құрастырылғаны - соның нәтижесі», - деді Б. Әбдішев.

Отандық құрастырудағы БелАЗ самосвалының құны 40 млн. теңгені құрайды, деп нақтылады ол.

«Запас бөлшектер шығару және «КазБелАЗ» маркасымен техника құрастыру» жобасы индустрияландыру картасына енгізілген. Оның жалпы құны - 10,5 млрд. теңге. Жоба 2011 жылдан бастап, кезең-кезеңмен іске асырылуда. 

13 тамыз 2013, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.