Атырау, 9 қараша 17:35
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Алматыда төбелес шығарған полицейлер қызметінен кетті

2 032 просмотра

Алматыда өткен жексенбіде төбелес шығарған МКҚБ-ның үш қызметкері қызметінен қуылды, деп хабарлайды Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі.

Оқиғадан кейін келесі күні, 12 тамызда, тәртіптік комиссия жүргізіліп, соның нәтижесінде сап түзеген жеке жасақ алдында ІІО қызметкері атағына кір келтіргені үшін төбелес шығарған үш жігіт те Ішкі істер органдары қатарынан қуылды.

Ендігі жолы Алматы қаласы МКҚБ басшылығы жеке жасақ құрамы ішінде қызметтік-әскери тәртіпті бұзғандарды қатаң жазалайтындығын ескертеді, деп көрсетілген Bnews.kz хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 11 тамызда Алматы қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының үш қызметкері төбелес шығарып, оқиға салдарынан ерлі-зайыпты зардап шекті.

Фотон-35 түнгі патрульдау тобының қызметкерлері бір топ адамның төбелесін тоқтату үшін оқиға орнына жеткен. Полицейлер сол жерде төбелесіп жүрген 10 адамды тоқтатпақ болды, ал олар құқық қорғау қызметкерлеріне қарсы күш көрсетті. Ұсталғандардың төртеуі ІІБ қызметкері болып шықты. Олардың барлығы мас күйінде ұсталды.

13 тамыз 2013, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.