Атырау, 24 қараша 00:55
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытайлықтардың Қазақстанға кіру тәртібі жеңілдетілмейді

1 742 просмотра

Қытайлықтардың Қазақстанға кіру тәртібі жеңілдетілмейді. Жуырда Қытай елі азаматтары үшін виза алу шаралары барысындағы қиындықтар жойылады деген қауесет тарағалы қоғамда түрлі пікірлер туындады. 

Бейресми ақпараттарға сәйкес, осы мәселеге қатысты бір топ азамат Алматыда наразылық шараларын өткізген. Алайда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай қытайлықтар үшін виза алу тәртібі жеңілдетілмейтінін алға тартты.

Қоғам бұл ақпаратты қате түсінген дейді, министр орынбасары. Керісінше, ведомство өкілдері қазақстандық азаматтардың "Қытайға бару үшін түрлі бюрократиялық тежеулерге тап боламыз, сондықтан бұл шараны жеңілдету қажет" деген ұсыныстарын қарастырып жатқанын мәлімдеді.

"Виза беру режімін оңтайландыру тек қана бір жақты үрдіс емес, бұл екі жақты үрдіс. Менің пайымдауымша, қазір Қытай азаматтары үшін Қазақстан визасын алу оңтайлы түрде шешілген. Ал керісінше, қазақ азаматтарының Қытайға бару үшін виза алудағы қиыншылықтары бұл оңтайландыруды арғы жақтан біздің азаматтарға қарсы жасалған үрдіс ретінде қарастыруымыз қажет. Сондықтан бұл мәселе әрине мәмілеге келу ретінде, келіссөздер арқылы ғана шешімін табады", - деді ол.

nur.kz

13 тамыз 2013, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.