ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «үлкен жиырмалық» Саммитіне қатысады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай мәлім етті.
«5-6 қыркүйекте Елбасы Санкт-Петербордағы «G20» Саммитіне қатысады», - деді вице-министр.
Айта кетейік, «үлкен жиырмалық» саммитіне 20 елдің президенті, сондай-ақ шақырылған 6 мемлекеттің көшбасшысы және экономикалық саладағы 8 ірі әлемдік ұйымның басшылары қатысады. Негізгі шаралар Константинов сарайында өтеді.