Атырау, 8 қараша 20:03
 бұлттыВ Атырау 0
$ 492.22
€ 529.38
₽ 5.03

Қостанайда бірнеше елді мекенді су басты

1 675 просмотра

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Қостанай облысындағы Ресеймен шекаралас орналасқан бірқатар елдімекеннің шеткі көшелерін су басты, kazinform сайтында.

Көрші елден тосыннан келген судан Тобыл, Аят, Тоғызақ өзендерінің денгейі 80-90 сантиметрге дейін көтерілген. Жергілікті билік қазіргі жағдай қалыпты екендігін айтқанымен, су тасқынының қаупі әлі сейіле қойған жоқ.

Жалпы мамандардың айтуынша, Ресеймен шеттесіп жатқан Өрнек ауылының маңында кеше түске таман өзен ағысының күшейе бастағандығы байқалған. Ал таңға жуық су арнасынан асып, ауылға жайылған.

"Алдымен алты үйді су басып, 13 адамды қауіпсіз жерге көшірдік. Олар туыс-туғандарына орналастырылып, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Одан кейін тағы 2 үйге су жетті. Алдын ала қауіпсіздік шараларын жасап, 10 үйдің тұрғындарын орналастыратын интернат, мәдениет үйі ғимараттарын дайындап қойдық", - дейді Қарабалық ауданының әкімі Алмат Исмағұлов.

Ресейден кенеттен судың келуіне жақын аймақтағы бөгеттің бұзылуы себеп болуы мүмкін. Оның үстіне толассыз жауған жаңбыр да су тасқынын үдетіп отыр.

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін облыста шұғыл штаб құрылған. Челябіден алынған ақпарға сүйенсек, ол жақтағы өзен денгейі тұрақтанған. Сондықтан бір-екі күнде өңірде де су деңгейі түсуі мүмкін.

12 тамыз 2013, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.