Атырау, 8 қазан 05:51
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Қазақстан мен Қытай визасыз топтық туристік сапарлар туралы келісім жасаспақ

1 886 просмотра

Қазақстан мен Қытай визасыз топтық туристік сапарлар туралы келісім жасаспақ. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Мұхит Саймасаев мәлімдеді.

«2013 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық республикасына жасаған сапары нәтижесінде 2017 жылды ҚХР-дың Қазқстандағы туризм жылы деп жариялау шешілген болатын. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті одан ары қарай дамыту туралы бірлескен декларация жобасына кіріп отыр. Аталмыш құжатқа екі ел Президенті ҚХР басшысының Қазақстанға сапары барысында қол қояды», - деді Мұхит Саймасаев.
Оның айтуынша, туризмді жандандыру мен Қазақстанға Қытайдан келетін туристер санының артуына байланысты екі ел үкіметтері арасында келісімге қол қою жоспарланған.

«Екі мемлекет үкіметтері визасыз топтық туристік сапарлар туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр», - деп түсіндіріп өтті ол.

Дереккөз:baq.kz

12 тамыз 2013, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.