Атырау, 29 мамыр 05:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +30
$ 445.68
€ 478.35
₽ 5.57

Қазақстандықтар Қытайға визасыз бара алады

2 417 просмотра
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қытайға визасыз туристік сапарлар туралы келісімшартты даярлап жатыр.

Бұл туралы журналистерге сұхбат берген министрліктің туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Мұхит Саймасаев мәлім етті.

Оның айтуынша, аталған құжат туризм саласындағы арнайы саясатты көздейді. Оған сәйкес, қазақстандықтар Қытайға визасыз топтық туристік сапарлар жасай алады.

Сондай-ақ алдағы уақытта Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің санын 35-ке дейін жеткізу көзделіп отыр. Бүгінде екі елдің әуе ұшақтары аптасына 32 рейс жасап жүр.

Дереккөз: inform.kz

8 тамыз 2013, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.