Атырау, 26 сәуір 09:40
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақстан президенті мұсылмандарды Ораза айтпен құттықтады

2 274 просмотра

АСТАНА,  8 там   –Қазақстан жаңалықтары АА. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Құттықтау мәтіні бейсенбіде ресми  баспасөзде жарияланған.

«Барша қазақстандықтарды мұсылман әлемінің ең бір қастерлі мерекесі - Ораза айт мейрамының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!Қасиетті Рамазан айы аяқталғанын білдіретін бұл мереке -исламның ғасырлар бойғы игі дәстүрінің, оның маңызды рухани құндылығы болған кең пейілдің, жақсылық пен мейірімділіктің көрінісі»,-делінген құттықтауда.

«Халқымыз ислам татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні екенін әрдайым өз ісімен көрсетіп келеді. Ораза айт мейрамы елімізде мұсылмандарды ғана емес, күллі қазақстандықтарды біріктіре түседі.Қазақстан халқы өз жеріне деген зор сүйіспеншілігімен, даналығымен, еңбекқорлығымен, үлкенге құрметімен, айналасына қамқорлығымен ерекшеленеді. Тәуелсіз еліміз өзінің бай рухани мұрасын, қайталанбас тарихи, мәдени және діни дәстүрлерін орынды мақтаныш етеді.Оларды дамыта отырып, біз қоғамдағы ұлттық мәдени және рухани алуандылықты сақтауға, азаматтар арасындағы өзара құрмет пен сенімнің нығаюына одан әрі ықпал етуіміз қажет»,-деп атап өтті президент.

Дереккөз: newskaz.kz

8 тамыз 2013, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.