Атырау, 13 наурыз 2256
 ашықВ Атырау +11
$ 489.15
€ 533.47
₽ 5.64

Атырауда жасалған айуандық: жәбірленушінің денесін бөлшектеп, өртеп жіберген

1 118 просмотра

7 қаңтарға қараған түні Атырауда жантүршігерлік қылмыс орын алды.

Бейресми ақпарат бойынша, әйелді өлтірген, содан кейін оның денесін бөлшектеп, қалған бөлігін өртеген.

Дереккөздердің хабарлауынша, оқиға орнынан бас сүйегінің бір бөлігі мен жамбас сүйегі табылған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалып, бірқатар тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

- 62 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің 35 жастағы туысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады М.Ердәулет.

Айнұр САПАРОВА

10 ақпан, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16