Атырау, 19 сәуір 16:03
 ашықВ Атырау +16
$ 521.90
€ 593.50
₽ 6.39

​Атырауда №3 мектеп-гимназиясының мұғаліміне жарылыс болатыны туралы хабарлама келіп, 80 миллион теңге талап еткен

1 216 просмотра

Белгілі болғандай, ұстаздың шақыртуына полиция қызметкерлері барған. Олар мектепті толық тексеріп, ешқандай жарылғыш зат таппады.

Атырау облыстық білім басқармасы қазіргі уақытта мектептің екінші ауысым оқушылары қалыпты режимде білім алып жатқанын жеткізді.

Оқиғаның мән-жайы:

6 ақпан күні сағат 11:30 шамасында Атырау қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғаліміне коды +380 деп басталатын шетелдік ұялы телефон нөмірінен орыс тілінде хабарлама келген. Онда сағат 14:00-де мектепте жарылыс болатыны туралы жалған ақпарат берілген. Сонымен қатар, хабарлама жіберуші 80 миллион теңге талап етіп, өзінің банк картасының нөмірін қалдырған. Хабарлама түскен сәтте, бірден 102 нөміріне қоңырау шалынған.

- Қазіргі уақытта ахуал тұрақты, оқу процесі қалыпты жағдайда жалғасуда. Жағдай облыстық білім басқармасының бақылауында, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

6 ақпан, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.