© РИА Новости// Владимир ТретьяковАСТАНА, 6 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Франция соты БТА банкі директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовты 40 тәулікке қамады, деп хабарлады Бас прокуратурада өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.
Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Интерпол Әбіләзовтің Франция аумағында ұсталғанын хабарлады. Сондай-ақ, Украина мен Ресей құқық қорғау органдары француз билiгіне Әблязовты iздеп, экстрадициялау туралы ниет танытқаны мәлiм. Бұл процестер бiр-бiрiне тәуелсiз жүргізілуде және ешкiмнiң де басқа мемлекеттердiң құзыреттi органдары айып тағып отырған тұлғаларды iздеп, ұстап беруді сұрау ниетiне байланысты шешiмдер қабылдауға араласуға немесе ықпал етуге құқығы жоқ.
«Бірінші тамызда Экс-ан-Прованс қаласының сотымен Францияның қылмыстық-процессуалдық заңнамасына сәйкес, Әбіләзовтің 40 тәулікке дейін қамауда ұсталуы санкцияланды. Осыған орай, экстрадициямен байланысты барлық рәсімдер аяқталғанша Әбіләзов Люин қаласының түрмесінде болады. Ал 2 тамызда ҚР Бас прокуратурасы Әбіләзовті экстрадициялау туралы өтініш жолдады», - деді Н.Сүйіндіков.
Дереккөз: newskaz.kz