
Ұзақбай Қарабалин, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі:
Жамбыл кен орны ашылып жатыр. Ұңғыманы сынақтан өткізу кезінде тәулігіне 60 мың тонна мұнай ағыны алынды. Сол жерде кен орны ашылды, сонымен сізді құттықтайын деп едім.
Кездесуде Ұзақбай Қарабалин Нұрсұлтан Назарбаевқа министрліктің мұнай мен газ өндіру, мұнай-химия өнеркәсібі және көмірсутек шикізатын тасымалдауды қамтамасыз ету тәрізді салалардағы қызметі туралы баяндады.
Сонымен қатар Қашаған, Теңіз және Қарашығанақты қосқанда ірі кен орындарын игеруге байланысты мәселелер талқыланды.
Дереккөз: kaztrk.kz
6 тамыз 2013, 11:42