АСТАНА, 6 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Швейцарияның құзыретті органдары Храпуновтар жанұясының акивтеріне олардың заңдылығын анықтағанға дейін тыйым салды, деп хабарлады сейсенбіде Қазақстан қаржы полициясыеың баспасөз қызметі.
«Қазіргі кезде Швейцарияның құзыретті органдары Храпуновтар жанұясының акивтеріне олардың заңдылығын анықтағанға дейін тыйым салды. Танысу және қылмыстық іс фигуранттарының іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін банкілік, қаржылық және өзге де құжаттары алынды», - делінген хабарламада.
Таратылған хабарламаға сәйкес, Храпуновтардың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында Қаржы полицясы агенттігі Швейцар конфедерациясының құзыретті органдарына қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырма жіберді.
«Құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмада көрсетілген құжаттар мен дәйектер Швейцарияның уәкілетті органдарымен сараланып, нәтижесінде Храпуновтарға қатысты Швейцар конфедерациясының аумағында қылмыстық жолмен табылған капиталды заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық қудалау басталды», - деп атап көрсетілген хабарламада.
Дереккөз: newskaz.kz