Атырау, 27 желтоқсан 04:48
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Италияндық депутаттар Мұхтар Әбілязовтың әйелімен кездесті

1 585 просмотра

АСТАНА, 6 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Италияндық депутаттар жуырда елімізге депортацияланған банкирдің әйелі Алма Шалабаевамен кездесіп, өздерінің шетте қалмайтындығын жеткізіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қомақты қаржыны қалтасына басып, бес жылға жуық шетелде бой тасалап жүрген Мұхтар Әбілязовтың құрықталғанымен, жасаған қылмыстары үшін жауап берер сәті әзірге белгісіз күйде қалып отыр. Себебі эктрадициялау мәселесі ашық түрде қаралып, адам құқығы тапталмасын деген халықаралық құқық қорғау ұйымдары осы іске араласа бастаған. Тіпті Украинаның сұрауы бойынша ұсталған қашқын олигархты Киевке бермеу керек деп дабыл қағуда.

«Amnesty International» ұйымының маманы экс-банкирді Украина тәртіп сақшыларына берсе, кейін ол Қазақстаннан бір-ақ шығады дегенді алға тартуда. Сондықтан Франция сотының тиісті құжаттарды жіті тексеріп, қателік жібермеуін сұрап отыр. Ал осымен алтыншы күн қамауда отырған Мұхтар Әбілязовтың қызы Мадина оның адвокатпен кездескенін жария етті.

«Әкемнің француздық заңгері барлық заңды әрекеттерді орындап, онымен кездесті. Әкем қазір күресуге дайын екендігін жеткізген. Қал-жағдайы да қалыпты. Ал мен оның мінезін жақсы білетіндіктен өз бостандығы үшін барын салатындығына сенімдімін».

Ал Италиядан депортацияланған Алма Шалабаевамен кездесу үшін бүгін Римнен Астанаға арнайы депутаттар келіпті. Себебі кейін заңсыз деп табылған депортациялау жұмысынан соң түрлі нұсқалар пайда болып, жоғары қызметтегі азаматтар жұмысынан босатылған еді.

Малио де Стефано, Депутат (Италия):

- Біз Қазақстанға Алма Шалабаеваның қал-жағдайын білуге келдік. Себебі орын алған оқиғада Италияның алатын орны ерекше. Ресми Римді емес, итальяндықтардың ой-пікірін жеткізіп, өзіміздің шетте қалмайтындығымызды айтқым келеді.

Сонда-ақ Италиялық депутаттар Алма Шалабаевамен онлайн режимінде сұхбаттасыпты. Олигархтың жұбайы бұл ретте соңғы оқиға көңіл күйін түсіріп жібергенін жеткізді.

«Қазір өзімді өте жайсыз сезініп тұрмын. Себебі соңғы оқиғалар, күйеуімнің қамауға алуы маған қатты әсер етті. Жүйкем жұқарып, алаңдап отырмын. Қызым әзірге әкесінің ұсталғанын білмейді».

Ал БТА банкінің бұрыңғы басшысын экстрадициялау мәселесі әлі ұзаққа созылатын түрі бар. Ақпараттарға қарағанда тек 2014 жылдың көктеміне қарай нақты шешім қабылдануы мүмкін. 

Дереккөз: newskaz.kz

6 тамыз 2013, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.