Атырау, 15 ақпан 05:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

​Жұмыскер ауылы маңында сүңгуірлер жоғалған ер азаматтың денесін судан шығарды​

1 236 рет қаралды

Іздестіру-құтқару жұмысының нәтижесі туралы Атырау облысы ТЖД хабарлады. 

Полиция қызметкерлеріне көмектесу мақсатында құтқарушылар 22 қаңтар сағат 17:00-ден бастап 1968 ж.т. азаматты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Ол азамат 21 қаңтарда сағат 4:00-де белгісіз бағытта үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.  

Іздестіру-құтқару жұмыстары Атырау қаласы, Жұмыскер ықшамауданы маңындағы Жайық өзені бойында сүңгуірлердің көмегімен жүзеге асырылды. 

Нәтижесінде 22 қаңтар сағат 19:35-те іздестірілген азаматтың денесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды. 

Аталған іздестіру-құтқару жұмысына Атырау облысы ТЖД 9 құтқарушы, 5 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 1 дрон жұмылдырылды.

23 қаңтар 2025, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.