Атырау, 24 қараша 00:37
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК президенті қамауға алынды

2 702 просмотра

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Ғабдуллатиф Мырзақұлов. Фото ©gharysh.kz«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ президенті Ғабдуллатиф Мырзақұлов. Фото ©gharysh.kzАСТАНА,  5  там –Қазақстан жаңалықтары АА.  Қаржы полициясы аса ірі көлемде пара алғаны үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының президентін қамауға алды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 2013 жылғы 1 тамызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Ғ.Мырзақұловты ұстады.

«Оған жалпы құны 15 млрд.теңгеден асатын Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құрастыру-сынау кешенінің құрылыс жұмыстарын сатып алу конкурсында «Құлагер» құрылыс компаниясы» ЖШС мүдделеріне әрекет етіп, сол үшін аталған кәсіпорынның басқарма төрағасы Т.Егенбаевтан сенімді адамы – Е.Асылбеков арқылы 272 мың АҚШ доллары және 75 млн. 300 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр»,-делінген хабарламада.

«Құлагер» ҚК» ЖШС-нің басқарма төрағасы Т.Егенбаев және «Сұңқар Күзет» ЖШС директора Асылбеков те ұсталды.

«Егенбаев аса ірі көлемде пара берді деп, ал Асылбеков пара алуға көмектесті деп айыпталуда. 3 тамызда Мырзақұлов пен Асылбеков сот санкциясымен қамауға, Егенбаев – үй қамауына алынды. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайд»,-деп атап көрсетілген хабарламада.

Дереккөз: newskaz.kz

5 тамыз 2013, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.