Атырау, 26 қараша 08:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ҚМГ БӨ тағы төрт келісім-шарт сатып алды және бас директорын ауыстырды

3 446 просмотра

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясы көмірсутек шикізатын барлауға төрт келісім-шарт сатып алғандығы туралы мәлімдеді.

«ҚМГ БӨ» баспасөз қызметі хабарлағандай, компания төрт актив сатып алған: Ақтөбе облысынан Темір, Теріскен блоктары, Атырау облысынан Қаратон-Сарықамыс блогы және Маңғыстау облысындағы Өзен және Қарамандыбас кеніштеріне жақын орналасқан аумақ. Төрт келісім-шарттың жалпы сомасы – 40 миллион доллар.

Компанияның алдын-ала бағалауынша, барлық блоктар бойынша геологиялық ресурстар шамамен 1,5 млрд. баррель мұнай құрайды. Бұлардың барлығы «Ембімұнайгаз» бен «Өзенмұнайгаз» мұнай кәсіпшіліктеріне жақын маңда орналасқан. «Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы «Ембімұнайгаз» ӨФ мен «Өзенмұнайгаз» ӨФ инфрақұрылымдарын пайдалану күрделі және пайдалану шығындарын тиімді жұмсауға көмектеседі», - деп атап өткен ҚМГ БӨ баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, өткен аптада «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының бас директоры ауысты. Кенжебек Ибрашевтің орнына компанияның жаңа басшысы боп Асқар Балжанов сайланды.

Азамат МАЙТАНОВ

14 сәуір 2011, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.