Атырау, 24 қараша 00:36
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматыда Әблязовты Қазақстанға қайтармауды сұрады

1 773 просмотра

Алматыда бір топ белсенді оппозициялық саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтің ұсталуына байланысты Франция елшілігіне хат тапсырды.

Хат тапсыруға 30 шақты адам жиналған. Олар Франция президенті Франсуа Олландтың атына жазылған хатта Мұхтар Әблязовты Қазақстанға экстрадицияламауды сұраған.

31 шілдеде Мұхтар Әблязовты Францияның Муан-Сарту қаласында француз қауіпсіздік күштері ұстаған еді. The Financial Times басылымы 31 шілде күні Әблязовтың отбасының адвокатына сілтеме жасай отырып, оның Ресей тапсырысы бойынша ұсталғанын хабарлаған.

Қазақстанның энергетика министрі болып қызмет атқарған Мұхтар Әблязов 2000 жылдардың басында оппозицияға өтіп, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыншысына айналған еді. 2002 жылы Мұхтар Әблязов "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деген айыппен 6 жылға сотталған. Бір жылдан соң ол президент рақымшылығымен босап шығып, 2005-2009 жылдары БТА банкін басқарған.

2009 жылы шетелге қашқан Мұхтар Әблязов өзін "саяси себеппен қуғын көрушімін" деп сипаттайды. Қазақстан билігі оған "БТА банкінің қаржысын талан-таражға салып, аса ірі көлемде қаржылық алаяқтық жасады" деген айып тағады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

1 тамыз 2013, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.