АСТАНА, 1 там – Қазақстан жаңалықтары АА. БТА Банкі директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы мен акционері Мұхтар Әбілязов Францияда ұсталды, деп хабарлайды Financial Times кәсіпкердің адвокатына сілтеме жасап.
Адвокаттың айтуынша, Әбілязов сәрсенбі күні Канны қаласының маңында Ресейдің тапсырысы бойынша ұсталған.
Сонымен қоса, Әбіләзов қашып жүрген Ұлыбританияда БТА Банк оған қарсы азаматтық іс ұйымдастырды. Жақында Ұлыбританияның Жоғарғы Сотының шешімі бойынша М.Әбілязовтің 4 миллиардқа жуық активтерін банкке қайтадан қайтару туралы қаулы етілді. Ұрланған активтерді жасыру, тергеушілікке кедергі келтіру фактілері бойынша және сотты сыйламағандығы үшін кінәлі деп танылып, жалпы ұзақтығы 22 айға тең мерзімге түрмеге қамауға алу туралы үкім шығарылғаннан кейін ол Ұлыбританиядан қашып кетті. Ақырында Әбілязов осы шешімге қарсы аппеляциялық шағым жасады, алайда Ұлыбританияның Жоғарғы Сотымен қанағаттандырылмады.
Дереккөз: newskaz.kz