
Іскерлік, туристік, студенттік визалар мен БАҚ өкілдеріне берілетін виза құны 160 АҚШ доллары тұрады. Ал дипломатиялық, қызметтік визалар және АҚШ үкіметі қаржыландыратын бағдарламаға қатысушыларға берілетін виза бұрынғыдай тегін беріледі. Виза алғысы келетіндерге қойылатын талаптар мен виза беру тәртібі өзгермейді.
Қазақстан мен АҚШ арасында азаматтарға бес жылдық визаларды көп рет беру туралы келісім шілденің басында күшіне енген еді. Бұған дейін екі ел бір-бірінің азаматтарына тек бір жылға жарайтын көп реттік визаларын беріп келген.
Дереккөз: Азаттық радиосы
31 шілде 2013, 17:00