Атырау, 12 желтоқсан 19:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Рахат Әлиев Мальтада жасанды нөмір салынған көлікпен жүр

2 350 просмотра

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев қазір Мальтаның Слима қаласында жақсы қорғалатын виллада тұрады. Ол қала ішінде жалған нөмір салынған көлік айдап жүр, деп жазады Malta Today. 

Malta Today тілшілері Әлиевке ашулы, өйткені ол The Times of Malta газетіне берген сұхбатында «Мені ұрлап әкете ме деп қорқамын» деген екен. Шындығында, басылымның хабарлауынша, ол қалада еркін жүріп-тұратын көрінеді.

Әлиевтің заңды бұзғанын былай қойғанда, Мальтада тұруға рұқсатты 150 мың еуроға сатып алған. Қазір оның мүдделерін үлкен қылмыстық істерге қатысқан әйгілі адвокат Джо Джиглио (Joe Giglio) қорғап жүр.

Бұрын хабарланғанындай, Әлиев БАҚ-та шыққан айыптаулардың, соның ішінде Мальтада тұруға рұқсатты 150 мың еуроға СІМ министрі Тони Боргтан сатып алғаны туралы ақпараттың жалған екенін айтқан болатын. Өз кезегінде, министрлік те бұл жай алып-қашпа әңгіме деп отыр.

Ведомство мамандары «Әлиев Мальтада тұруға рұқсатты Австрия үкіметінен алған. Ол ЕО азаматына үйленген. Тұрғылықты жері бойынша еркін жүріп-тұруға және сайлануға құқылы» дейді.

Дереккөз: Baq.kz

31 шілде 2013, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.