АҚШ-тағы қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев өз кінәларын мойындамай отыр деп мәлімдеді РИА Новости қорғаушы Аркадий Бухқа сілтеме жасап. Айта кетейік, жерлестеріміз Бостондағы жарылыстың тексерілуіне кедергі келтіріп, айғақ заттардың көзін жойды деп айыпталған болатын.
Заңгердің айтуынша, соттағы бірінші тыңдалым 12 тамызда өткізілмек. Бұған дейін аталған процесс 14 мамырға жоспарланған болатын. Алайда, қорғаушылар өтінішінен кейін мерзімі ысырылды. "Енді кейінге қалдыру деген болмайды. Біз сот алқасына барып, өзіміздің кінәсіз екенімізді дәлелдемекпіз. Біз істің созылып кетпеуін қалаймыз" деді Бух.
"Олар АҚШ-тың лаңкестікпен күресуі үшін прокуратурамен жұмыс істесті. Бірақ кейбір айыптардан ақтау күтеміз" дейді қорғаушы. Ол қазақстандық студенттерді кепілдікке босатуын сұрамайтындығын айтты. Өйткені, олардың студенттік визаларының мерзімі өтіп кеткен.