АСТАНА, 30 шіл - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан тамыз айының соңына дейін қазақстандық өнімдерді кемсітуші акциз енгізген елдерге қатысты «айналы» шараларды енгізу тетіктерін қарастырады.
«Экономика министрлігі, Индустрия министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан өнімдеріне кемсітуші шаралар қабылдаған елдерге қатысты «айналы» шаралар қабылдау мүмкіндігі бойынша ұсыныстар енгізсін... Біз Қазақстандық өнімдердге акциз енгізген елдерге қатысты «айналы» шараларды енгізу мәселелерін талқыладық», - деді Есекешев сәрсенбіде Экспортаушылар кеңесінің отырысында.
Дереккөз: newskaz.kz