Атырау, 25 сәуір 03:45
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Назарбаев Иранның жаңа президентін ұлықтау рәсіміне қатысады

2 304 просмотра

АСТАНА, 29 шіл – Қазақстан жаңалықтары АА.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Президенті Хасан Руханиді ұлықтау рәсіміне қатысады, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

«4 тамызда Иран тарапының шақыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиді ұлықтау рәсіміне қатысады. Теһранда Мемлекет басшысы Иран Президентімен екіжақты келіссөздер өткізеді»,-деді ол.

Сонымен қатар, бұл ұлықтау рәсіміне ҚР Президентімен бірге басқа да мемлекет, үкімет, парламент басшылары шақырылған.

Дереккөз: newskaz.kz

29 шілде 2013, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.