Атырау, 24 қараша 00:55
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Теңгенің девальвациясына негіз жоқ, деп сендірді Назарбаев

2 803 просмотра
Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев теңгенің девальвацияға ұшырауына ешқандай негіз жоқ деп санайды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, ол негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен валюта нарығындағы ахуал туралы мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы қазіргі уақытта алтын-валюта резервтері көлемін, сондай-ақ отандық экономиканың даму қарқынын ескергенде ұлттық валютаның девальвацияға ұшырауына ешқандай негіз жоқтығын атап өтіп, бұл ретте Ұлттық Банк жұмысын бастапқы режімде жалғастыру қажеттігіне тоқталды», - делінген хабарламада.

Ұлттық Банк төрағасы қаржы нарығының барлық сегменті бойынша орнықты өсім байқалғанын, ал инфляция деңгейі 2012 жылғы шілде мен биылғы шілде аралығында 5,9 пайызды құрағанын және жоспарланғаннан 6-8 пайыз төмен тұрғаны жөнінен хабардар етті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономиканың даму қарқынын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

Дереккөз: newskaz.kz

26 шілде 2013, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.