Атырау, 6 қазан 11:43
 ашықВ Атырау +24
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Ақылы оқуға мүмкіндігі жоқтар білім беру несиелерін пайдалана алады

2 331 просмотра

altaynews.kz сайтының фотосы.altaynews.kz сайтының фотосы.Грант ала алмай, оқуға ақысын төлеуге келгенде қиындыққа тап болған Қазақстанның жастары мемлекет кепілдік беретін білім беру несиелерін иелене алады. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында «Қаржы орталығы» АҚ-ның президенті Зәбира Оразалиева мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бірыңғай ұлттық тестілеумен қатар, жоғары оқу орнынан үмітті түлектердің барлығы кешенді тестілеу тапсырып бітті. Енді грантқа оқуға түсе алмаған, оқу ақысын төлеуде қиындыққа тап болған немесе дәл қазір оқу ақысын төлей алмай жүрген жастарымыздың жайына тоқталсақ. Олар оқу ақысын төлеу үшін мемлекеттің кепілдігімен берілетін несиелерге жүгіне алады.

Қазір «Қаржы орталығы» екінші деңгейлі 4 банкпен жұмыс істеуде. Атап айтсақ, «Халық банк», «БТА банк», «Альянс Банк» және «Ресейдің жинақтаушы банкі». Несие алар кезде студент дүние-мүлкін кепілдікке қоймайды, олар үшін «Қаржы орталығы» кепіл болады», - деп түсіндірді Забира Жандарқызы.

Ол сондай-ақ банктердің үстемақысы 8-14 пайыз аралығында екенін, бұның өзі келіссөздердің нәтижесі қысқартылған үстемеақы екенін атап өтті.

«Студент оқып жүрген кезінде несиені жаппайды. Ол оқу орнын бітірген соң жарты жылдан кейін несиені төлей бастауы керек. Егер ол оқу бітірген соң жұмыс таба алмай жүрсе, несиені кепілдік берген «Қаржы орталығы» төлейді де, несие алушы адам кейін Қаржы орталығына қарыз болады», - деді ол.

Дереккөз: bnews.kz

26 шілде 2013, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.