"Белсенді азаматтар" телеграм-арнасында Атыраудың жанашыр тұрғындарының бірі автобус аялдамасының әйнегі сынғанын көрсеткен видео жариялады.
Оның айтуынша, әйнекті жасөспірімдер қиратып кеткен. Ал полиция тәртіп бұзғандарды іздестіріп жатырғанын хабарлады.
"Жедел басқару орталығындағы видеожазбаларды тексергенде жесөспірімдер алдымен Жилгородок" аялдамасының әйнегін қиратып, кейін сағат 19:23-те №2 маршрутпен жүретін автобусқа мініп кеткені анықталды. Қазір кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекция қызметкерлерімен бірігіп, олардың жеке басын анықтау үшін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомствода.
Жомарт ӘМІРХАНОВ