
Бұл оқиға 27 қарашада қаладағы көпқабатты үйдің артында болған. 42 жастағы әйел мен 34 жастағы ер адамның денесі жылу құбырында жатты.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметі бойынша, алғашқы қарап, тексергенде дене жарақаттары болмаған.
"Не себептен өлгенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады ПД.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА