Атырау, 18 желтоқсан 23:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

23 жастағы Яна Легкодимованың денесін іздеу тоқтатылды

1 147 просмотра

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД хабарлады. 

Еске сала кетсек, Атырау тұрғыны 18 қазанда жоғалып кетті. 23 қазанда Полиция департаменті қызды өлтіріп, денесін Жайық өзеніне тастаған деп хабарлады. Осы дерек бойынша оның өліміне кінәлі деген 24 және 25 жастағы күдіктілер ұсталып, куәлік берген. Қайғылы оқиғаға байланысты «адам ұрлау» және «адам өлтіру» баптары бойынша қылмыстық іс көтерілді. 

22 қазаннан бастап Жайық өзені мен жағалауында іздеу жұмыстары жүргізілді. 

Іздеу жұмыстарына 20-дан астам қызметкер, 5 техника бірлігі, 7 су көлігі және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. ТЖД-де айтқандай, іздеу операциясы аясында жағалау мұқият қаралып, Жайық өзенінің түбін сүзу әдісімен 4500 шаршы метрден астам аумақ тексерілді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері Полиция департаменті көрсеткен орыннан бастап ағыс бойымен 30 шақырым қашықтықтағы акваторияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, түбін егжей-тегжейлі зерттеу үшін құтқарушылар сүңгуір-құтқару жұмыстарын жүргізіп, эхолот қолданылды. Бұдан бөлек, іздеу жұмыстарына қызметтік иттер мен кинологиялық топ қатысты. Параллельді түрде іздеуге Полиция департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және еріктілер де тартылды. Іздеу жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан нәтиже болмаған. Іздестірілгеніне 44 күн өтсе де, Янаның денесі табылмады. Күннің суытуына байланысты іздеу жұмыстары тоқтатылды.

Іздеу жұмыстарына қатысқан Янаның анасы Галина Легкодимова, іздеу жұмыстары дұрыс жүргізілмеді, сондықтан қызының мәйіті табылмады деп есептейді.

"Іздеу жұмыстары жүргізілген жерге бірнеше рет келдім. Жағалауда шамамен сегіз көлік болды, қайықтың бәрі жағалауда байлаулы тұрды. Сағат тілі 10:00 көрсетіп тұрды. Дұрыс іздеп жатырған жоқ деп қала әкімдігіне шағым жаздым, бірақ ол хатты ТЖД жіберген. Содан кейін бір күні мені алып кетіп, іздеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын көрсетті. Олар маған "әр затты көтеріп, астын қарап жатырмыз, бірақ нәтиже болмай тұр" деді. Кеше іздестіру жұмыстары тоқтатылғанын хабарлады, - дейді Янаның анасы. 

Осыдан бұрын жазғанымыздай, Яна Легкодимова 2021 жылдың 31 тамызында Батыс-Қазақстан облысы Ақ жайық ауданы, Чапаев селосында дүниеге келген. Жергілікті мектепті қызыл аттестатпен бітіріп, Атырау мұнай және газ университетіне оқуға грант алады. Онда "мұнай-газ ісі" мамандығында оқыды. Грант алғаны туралы хабарды естігенде, анасы мен жалғыз қызы тұратын шағын отбасы қуанып, Атырауға көшіп келеді. 

Диплом алғаннан кейін Яна оқуды жалғастыруды ұйғарып, магистратураға түседі. Биыл жазда магистр дәрежесін алды. Оқуда жүріп Атыраудағы Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтында әзірлеуші қызметінде еңбек етті. 

Қазір тергеу әлі де жалғасып жатыр, іс сотқа берілген жоқ. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА       


5 желтоқсан, 19:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.