Атырау, 24 қараша 01:03
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Денсаулық сақтау министрлігі есігінің алдында емделуші қайтыс болған аурухана дәрігерінің қатесін мойындады

2 370 просмотра

Қазақстан  Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті есігінің алдында емделуші қайтыс болған Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасы дәрігерінің қатесін мойындады, деп хабарлады сәрсенбіде республика денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

«Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының есігінің алдында тұрғылықты мекенжайы жоқ әйелдің өлімі бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті  тәуелсіз медициналық сарапшыларды тартумен арнайы комиссия құрды», - делінген хабарламада. 

Хабарламаға сәйкес, тексеру қорытындылары бойынша әйел жедел жәрдем бригадасымен клиниканың қабылдау бөліміне 14 шілде күні кешке жеткізілген. Қабылдау бөлімінде кезекші хирург оң жағындағы сүт безінің  обыры деген диагноз қойылған. 

«Қабылдау бөлімінің кезекші хирургі науқастың жағдайының ауырлығы ескерілмеген», - деп атап көрсетілген баспасөз баянында. 

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

24 шілде 2013, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.