Кеше өз алаңында да Борисов қаласының «БАТЭ» командасын 1:0 есебімен ұтқан Қарағандының «Шахтер» футбол командасы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші дәрежелік раундында жолдама алды.
Беларусь аяқдопшыларының бас бапкері Виктор Гончарев кездесуден кейін, егер команда 180 минут бойы бірде-бір доп соға алмаса келесі кезеңге шығуға еңбек сіңірген жоқ. Біз үшінші раундқа лайықты емеспіз, - деп өз жеңілістерін мойындады. Беларусь чемпионатының 9 дүркін чемпионы қазір ішкі біріншілікте де өз еліндегі "Шахтерден" кейінгі екінші орынды қанағат тұтуда. Ал Виктор Кумыков жаттықтыратын қарағандылықтар болса Қазақстан чемпионатында үшінші орында келе жатыр. Енді Чемпиондар лигасының үшінші кезеңінде олар Баку қаласының "Нефтчи" мен Корча қаласының "Скендербеу" командалары арасындағы қарымта кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Олар Корчадағы алғашқы ойында 0:0 есебімен тең түскен болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
24 шілде 2013, 08:49