Атырау, 5 желтоқсан 13:13
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Назарбаев Лондонда Кэмеронмен екі жақты ынтымақтастық мәселесін талқылады

1 853 рет қаралды

АСТАНА, 23 шіл – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лондонда Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбритания көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде ұстанымдарды тағы да келісіп, екі елдің сауда-экономикалық өзара іс-қимылын одан әрі жандандырудың негізгі аспектілерін қарастырды, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселесі мен халықаралық күн тәртібін талқылады.  

Сонымен қатар, кездесуде Д.Кэмеронның Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы қаралды.

Дереккөз: newskaz.kz

 

23 шілде 2013, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.