Атырау, 11 желтоқсан 11:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

«БТА Банкке» қатысты қаржы полициясы тексеру жүргізіп жатыр

2 818 просмотра

АСТАНА, 23 шіл – Қазақстан жаңалықтары АА.  «БТА Банктің» басшылығына  негізсіз қаржы жұмсады деген айып тағылып отыр. Аталған мекемеге қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлады  ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай республикалық «Астана» телеарнасында.

Сонымен қатар банк өзіне тиесілі «Samal Towers» бизнес орталығын заңсыз жалға беріп келген. Ал бұрынғы басшылыққа қатысты сот істері жүргізілген 2009 жылдан бастап банк басқа компанияларға үлестірмеуі тиіс болатын.

Қазір  «БТА Банктің» бұрынғы басшылығына қатысты ақша қаражаттар мен мүлікті ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі  қарау жалғасып жатыр. Айта кетейік, 2009 жылы  банк мемлекет басқаруына өткеннен бастап еліміздегі қаржы институты жүйесінде қылмыстық істер жөнінде алдыңғы қатардағы банк болып отыр.

Мұрат Жұманбай, ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі:

Аталған қылмыстық істі тергеу барысында тергеу органы банктың қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында негізсіз қаржы жұмсау фактілері қарастыруда. Тергеу нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

Дереккөз: newskaz.kz

23 шілде 2013, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.