Атырау, 24 қараша 01:05
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оралда басына оқ тиіп жарақаттанған мерзімді қызмет жауынгері табылды

1 617 просмотра

АСТАНА,  23  шіл  –Қазақстан жаңалықтары АА. Оралда орналасқан әскери бөлімде күзет  ауысымы кезінде басына оқ тиіп жарақаттанған мерзімді қызмет жауынгері табылды, ол облыстық ауруханада жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр күйінде жатыр, деп хабарлайды  «Мой ГОРОД» өңірлік басылымы.

БАҚ мәліметінше, оқиға өткен дүйсенбіде №5517 әскери бөлімінде болған.

«Жауынгердің қолында бөтен автомат болды. Еркебұлан Сейілханов  19 жаста,ол Қызылордадан шақырылды.Қызметін аяқтауға  оның бірнеше айы қалған болатын», - делінген хабарламада.

Тергеушілер әлімжеттіктің болу мүмкіндігін жоққа шығарады. Алайда бұл өзіне-өзі қол жұмсау деп айту ерте. Жарақаттанған жауынгер шұғыл облыстық ауруханаға жеткізілді, оған ота жасалды, алайда жағдайы ауыр болып қалуда.

Дереккөз: newskaz.kz

23 шілде 2013, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.