Атырау, 24 қараша 00:45
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Астана және Бішкек үкіметаралық комиссияның жабық отырысында шекараны белгілеу мәселелерін талқылайды

1 683 просмотра

АСТАНА,  22  шіл  –Қазақстан жаңалықтары АА. Қырғызстан және  Қазақстан  үкіметаралық комиссияның жабық отырысында шекараны белгілеу мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды "Вечерний Бишкек" газеті Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Келіссөздерден кейін Қырғызстанның шекараны белгілеу мәселелері бойынша арнайы өкілі Құрманбай Искандаров қол жеткізілген келісімдер туралы айтып береді", - деп ақпараттандырады  баспасөз қызметі.

Үстіміздегі жылдың 7 шілдесінде Қырғызстанның Талас облысы Қара-Бура ауданының тұрғындары Қазақстанға ағатын «Быстроток» каналын жауып тастаған. Аталған канал қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан. Үстіміздегі жылдың 17 шілдесінде «Быстроток» трансшекаралык каналынан су жіберу қайта жаңғыртылды.

Дереккөз: newskaz.kz

22 шілде 2013, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.