АСТАНА, 22 шіл –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі барша қазақстандықтарды жаңа оқу жылына дайындалу барысында әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларының оқушыларына қолдау көрсетуге бағытталған «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясына ат салысуға шақырады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Міне бесінші жыл Министрліктің бастамасы бойынша жыл сайын 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында аз қамтылған отбасы балалары республикамыздың кішкентай азаматтарының тағдырына енжар қарамайтын мейірімді жандардан өтеусіз көмек алуда»,-делінген хабарламада.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, акцияны өткізудің жылдарында 1 млн. астам бала 6 млрд. 400 млн. жуық соммасында материалдық көмек алды. Бұл ретте демеушілер мен меценаттардың қолдауы және көмегі арқасында 2,5 млрд.тг. соммасында көмек көрсетілді.
Мемлекеттік органдардың, ірі компаниялар мен акционерлік қоғамдардың қолдауымен былтырғы жылы 2099 аталған санаттағы балаларға жалпы соммасы 23 млн. 362 мың. теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Дереккөз: newskaz.kz