Атырау, 24 қараша 00:37
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында ЖКО-дан мыңнан астам адам көз жұмды

2 497 просмотра

АСТАНА,  22  шіл  –Қазақстан жаңалықтары АА. 2013 жылдың 6 айында тіркелген 8 462 жол-көлік апатынан 1 167 адам көз жұмып, 10 837 адам жарақат алған, деп хабарлайды ІІМ жол полициясы комитетінің баспасөз қызметі.

Хабарламағак сәйкес, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол апаты саны – 49%-ға, қайтыс болғандары саны – 5%-ға және жарақат алғандар саны – 59%-ға артқан.

Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан өзге өңірлердің барлығында жол апаты жиілегені байқалады.

Жол апатының 78%-ы немесе 6 628-і елді мекендерде орын алған. Әрбір жетінші жол-көлік оқиғасы республикалық және халықаралық маңызы бар тас жолдарда болған. Жергілікті жердегі тас жолдарда 642 ЖКО тіркелген.

ЖКО-ның негізгі санына әлі де Жол қозғалысы ережесін дөрекі бұзатын жүргізушілердің төмен тәртібі себеп болып отыр. Жүргізушілердің кінәсінен орын алған жол апатының саны – 7 665, бұл ЖКО-ның барлық санының 91%-ын құрайды.

Жүргізушінің мас болуына байланысты тіркелген 249 ЖКО-дан 50 адам қаза тауып, 385 адам жараланған.

Автобус жүргізушілерінің кінәсінен 256 ЖКО орын алған. Оның басым бөлігіне (76,5%) тұрақты маршрут автобустарының жүргізушілері айыпты болған.

Әрбір екінші жол апаты жаяу жүргіншіні қағып кетуге (46%) қатысты болған. Одан адамдардың 30%-ы қаза тауып, 35%-ы жаралнған. Жаяу жүргіншінің қатысуымен барлығы 3 193 ЖКО тіркеліп, одан 349 адам қаза тапқан және 3 794 адам жарақат алған.

Ал 770 ЖКО жая жүргінішінің кінәсінен орын алған. Оның ішінде 67 жол апатында жаяу жүргінші мас күйде болған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 3 есе көп.

Дереккөз: newskaz.kz

22 шілде 2013, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.