Атырау, 24 қараша 01:06
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лаңкестер Сириядағы соғысқа қазақтарды шақырып жатыр

2 096 просмотра

Site Intel Group деп аталатын интернет-портал жуырда лаңкестердің қазақстандықтарға жасаған үндеуін жариялады. Онда Сириядағы жиһадқа қазақтардың да қатысу керектігі айтылған.

Бейнероликті ISI (Islamic State of Iraq) деген атауы бар Әл-Каиданың Ирактағы бөлімі түсірген. Бейнеде Әбу Муад әл-Мухаджир (Abu Mu'adh al-Muhajir) қазақ тілінде Қазақстандағы "мұсылман бауырларына" үндеу жариялап, Сириядағы соғысқа қатысуын талап етеді.

"Менің бауырларым, егер сіздер нағыз мұсылман болсаңыздар онда Сириядағы, Палестинадағы, Ливандағы бауырларыңыздың жанайқайын сезінулеріңіз керек. Сіздерді ұйқыларыңыздан оянып, моджахедтерге қосылуға шақырамын" дейді лаңкес қазақ тілінде.

Оның шын аты белгісіз. Белгілісі - ол қазақстандық. Бейнеролик тура Иракта болып жатқан атыстың кезінде түсірілген.

Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында саясаткер Нұрлан Ерімбетов лаңкестердің бұл әрекетіне қазақстандық жастар ермейтінін сеніммен айтыпты.

"Олар Қазақстан тарапынан оң жауап күтіп отыр. Бірақ біздің жастар өзге ел үшін барып соғысады дегенге сенбеймін" дейді ол.

Дереккөз: nur.kz

18 шілде 2013, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.