Бүгін, 17 шілдеде Солтүстік Каспий жобасының операторы НКОК компаниясы Қашаған кенішін игерудің маңызды кезеңі – 14 шілдеде теңіздегі жасанды D аралында мұнай мен газ дайындау кешеніне күкірттен тазартылған газ жіберіліп, алау жағылғандығы туралы мәлім етті.
НКОК хабарлағандай, бұл оқиға мұнай компаниясын үстіміздегі жылы жоспарланған мұнай өндірудің басталуына бір қадам жақындатады.
Күкірттен тазартылған газды кейіннен қысымды айдау арқылы теңіз қондырғыларында жіберу, сондай-ақ динамикалық сынақтар жүргізу - өндіруші ұңғымалардан газ бен флюидтердің жүйеге түсуіне дейінгі маңызды кезеңі боп табылады. Бұл процесс құрлықтағы «Болашақ» кешенді мұнай және газ дайындау қондырғысында жоспарға сәйкес бірнеше апта бұрын жүзеге асырылған еді. Іске қосылған жүйелі процесстің соңында кешенді жүйе «Қашаған» кенішінен алғашқы мұнайды қабылдайды.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА